Текст
2023 жылдың 20 сәуірінде № 4 ҚМУ педагог-психолог 5Б сынып оқушыларымен "Біз әр түрліміз, бірақ біз біргеміз"сынып ұжымын біріктіруге тренинг өткізді. Мақсаты: Сынып ұжымын біріктіру; Қолайлы психологиялық климат құру; Тұлғааралық қатынастардағы кедергілерді жеңу, қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Тапсырмалар: Команда ретінде өзін-өзі тану; Сыныпта қолайлы психологиялық климатты қалыптастыру; Әр қатысушының сыныптағы өз рөлін, функцияларын білуі; Командада жұмыс істеу қабілетін дамыту; Сыныпты біріктіру.