Текст
Жазғы демалыстың аяқталып, жаңа оқу жылының басталуына байланысты 2022 жылдың 1-12 қыркүйегі аралығында ауданымызда «Назар аударыңыз – балалар!» атты арнайы кешенді жол қауіпсіздігі іс-шарасы өтеді. Акция балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу және балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында полиция бөлімімен өткізілуде. Қызметкерлер балалар мен ата-аналарға профилактикалық іс-шаралар, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін ауыздықтау мақсатында рейдтер жүргізеді. Жүргізушілердің жылдамдықты шектеуді, балаларды қауіпсіз тасымалдау және жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін сақтауына ерекше назар аударылады.