Текст
11 қараша күні 1 «А», «Ә», «Б» сынып оқушылары үшін мектебіміздің дәстүрлі «Бірінші сынып оқушылар қатарына қабылдау» мерекесі өтті. Мектеп директорының міндетін атқарушы Марат Зейнолұлының құттықтау сөзінен кейін бүлдіршіндер мектеп жанұясының толыққанды мүшесі болуға, мектепке жүйелі түрде баруға, білім алуға, жақсы оқуға, мектеп абыройын асқақтатуға уәде берді. Барлық балалар бірінші сынып оқушысының дипломдарымен марапатталды. Нағыз ұстаздардан, ынталы адамдардан білім алса, балалар көп нәрсені істей алады. Сынып жетекшілері Наталья Николаевна, Раушан Сейпілмәлікқызы, Дариягүл Ибраевнамен бірге балаларды алда ұзақ та қиын жол күтіп тұр, бірақ ол жарқын оқиғаларға толы болмақ. Біз оларға білім теңізінде бақытты саяхат тілеймін!