Текст
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. 2 тоқсандағы оқу-тәрбие жұмысын талдау;
2. Қысқы демалыс ұйымдастыру;
3. Қысқы каникул кезінде жолдар мен су объектілерінде қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары туралы, пиротехникалық құралдарды қолдануға жол бермеу туралы;
4. Құқықтық дәрісхана: 1-4 сыныптар "балалардың қауіпсіздігі-ата-ананың қамқорлығы", 5-8 сыныптар "зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ", 9-11 сыныптар "жасөспірімдердегі зиянды әдеттердің алдын алу".
Мектеп директоры Б. К. Жүсіпова ата-аналарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады!