Текст
24 ақпан мен 24 наурыз аралығында Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай туберкулездің алдын алу бойынша республикалық айлық өткізіледі.
Айлық өткізу мақсаты: профилактикалық іс-шараларды күшейту; салауатты өмір салтын жүргізу үшін жағдай жасау және алдын ала тексерулерден уақтылы өту; туберкулездің алғашқы белгілері туралы халықтың хабардар болуын арттыру, уақтылы емдеу тиімділігі, темекі шегуден, есірткіден, алкогольден бас тартуды қоса алғанда, профилактикалық іс-шаралар, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігін сақтау"