ҚР БҒМ РМБО балалар жылы аясында а.ж. 7-9 маусым аралығында "Табиғатты аяла"жас өлкетанушылардың, экологтар мен натуралистердің республикалық форумын өткізді.
Форумның мақсаты-балаларды қоршаған ортаның экологиялық жай-күйі мәселелерін зерттеуге тарту, баламалы энергия көздерін пайдалану идеясын насихаттау, тұлғаның шығармашылық дамуы, оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауы, қоғамдағы өмірге бейімделу, бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдай жасау.
Аталған форумға облыстық кезеңнің 170 жеңімпазы қатысты. Балалар онлайн режимде "Zhasyl El"зерттеу жобаларын қорғады.
Қорытынды бойынша Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қ.№4 ЖББМ оқушысы Фрик Екатерина 1 орын алды.
Жетекшісі-Кусаинова Махаббат Сансызбаевна, география пәнінің мұғалімі.
Құттықтаймыз!