«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Щучинск қаласы, Моховая көшесі 86, тел 2-31-81 пошта sh4_oivt@list.ru
Бос лауазымның атауы:
- ағылшын тілі мұғалімі-16 сағат. (декреттік демалыс кезеңіне)
- ағылшын тілі мұғалімі-16 сағат.
- информатика мұғалімі-16 сағат (декреттік демалыс кезеңіне)
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсты өткізу күні: 15.08.2022-23.08.2022 «Ақмола облысы Білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Щучинск қаласы, Моховая көшесі, 86. мектеп поштасы sh4_oivt@list.ru
Құжаттар тізбесі: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – болған жағдайда);
4) педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);