Щучинск қаласы
№4
орта мектебі
«Қазақстан халықтарының
тілдері»
күніне арналған онкүндіктің
өтілгені туралы ақпарат
«Қазақстан Республикасының тілдер туралы» ҚР заңының орындалуы мақсатында біздің мектепте мемлекеттік тілді және ұлтаралық қатынас орыс тілі мен ағылшын тілдерін білу және дамыту жұмыстары ұйымдастырылады.11 қыркүйектен 21қыркүйек аралығында мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін білу және қызығушылықтарын арттыру мақсатында біздің мектепте «Қазақстан Республикасының Тілдер»күніне арналған онкүндік өткізілді.
Онкүндіктің өткізілуі-бұл оқушылардың білім деңгейін көтеру тек ғана күнделікті сабақтармен шектелмей,танымдық ой-өрістерін тереңдету,тіл байлығын дамыту
Онкүндіктің мақсаты:
-ашық сабақтармен сабақтан тыс іс-шараларды өткізу арқылы педагогтардың кәсіптік шеберліктерін дамыту;
-оқушылардың тілді үйрену қызығушылықтарын арттыру, оларды шығармашылыққа баулу;
-оқушылардың мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін тереңірек білетін, шығармашылық қабілеттерін анықтау;
Онкүндіктің өтілу кезеңінде педагогтардың маңызды принциптері:
1.өмірмен байланыстыру принципі
2.коммуникативті белсенділік принципі
3. оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілдер сабақтарын кіріктіре отырып, тілдік деңгейлерін анықтау
4. оқушылардың жас ерекшеліктері
5.жеке, топтық, ұжымдық жұмыс түрлерін үйлестіру принципі
6.сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыруда пән аралық байланыс орнату принципі
Мектеп педагогтары тілдер онкүндігігің іс-шаралар жоспары құрыды.Онкүндіктің жоспары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, коммуникативті бағытта құрылды.
11 қыркүйекте Қазақстан халқының тілдер Онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.
1-11 сынып оқушыларын қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімдері онкүндік жоспарымен таныстырды.
2-8сыныптармен қазақ тілі мұғалімдері Мендоллина К.Т.Аймаханова Б.Т. Алгутова Ж.К. «Біз қазақша сөйлейміз» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Оқушылар амандасу,үлкендерді сыйлау, мектеп ережесі туралы қазақ тілінде сөйледі.
7-8 сыныптармен «101 жұмбақ, 1001 мақал»сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты:
оқушылардың мақал- мәтелдерді білуі, жалғасын табу, жұмбақ жасыру мен шешімін табу, ауыз екі сөйлеу дағдыларын дамыту
10-сынып оқушыларымен «Тіл білгірі» білім сайысы өткізілді. Сайыс бірнеше бөлімнен тұрады:
-көркемсөз
-дода
-мақал-мәтел
-кім жылдам?
-полиглот
3-5 сыныптар «Ертегілер елінде», «Жеті лақ» ертегісінен сахналық қойылым көрсетті. Мақсаты: оқушылардың қазақ тіліне қызығушылықтарын арттыру, театрлық-әртістік қабілеттерін дамыту.
Орыс тілі мен орыс әдебиет мұғалімдері қызықты мазмұнына сай іс-шаралар өткізді.
Казбекова К.К. 6-сынып оқушыларымен кітап-білім негізі екенін түсіну, оқушылардың орыс тілі мен әдебиетті оқуда танымдық қызығушылықтарын дамыту мақсатында « Сүйікті кітабымның беттерімен» викториналық сайыс өткізді.
Сайыс ертегілер кейіпкерлерімен басталды. Оқушылардың білім деңгейін білу мақсатында мынандай тапсырмалар ұсынылды:
- Ертегі мәтініне түсіп қалған әріптерді қо
- Ертегі атттарын кім көп біледі?
- Әдеби кейіпкерлердің атын толықтыру
- Шығарма авторын білу
Оқушылар жеке және топпен тапсырмалар орындады.
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Р.Е. Акпаева 9 «а» сыныпта орыс тілінің ерекшелігін білу мақсатында білім сайысын
өткізді. Сайыс әр топтың таныстыруымен басталды. Сайыс төмендегі тапсырмалардан құралды:
-сыңарын табу;
-мақал- мәтелдерді
жинақтау;
-әріптер
орнын табу;
-блиц-сұрақтар
10 сынып оқушылары « Тіл- менің досым» атты шығарма жазды.Кибардина А, Жусупова Р, Котова Н. жазған шығармалары таңдалынып алынды.
Тілдер онкүндігінде ағылшын пәнінің мұғалімдері Бачу Е.М. Ержанова Г.С. белсенді қатысты.
Ағылшын пәнінің мұғалімі Е.М.Бачу 8 «а»сыныбында « My Motherland is Kazakhstan» танымдық ойын өткізді. Оқушылар ойын технологиясы арқылы коммуникативтік білімдерін көрсете білді. Мұғалімнің топқа берген тапсырмалары:
-Жалқы есімдердің тілдік сәйкестігін табу;
-Мақалдар жарысы. Қазақ тілінде, ағылшын тілінде айту;
-Ойын тапсырмасы «домино принципі» текшелерді дұрыс қойып,үш тілде лексикалық білімдерін көрсету;
-Қазақстан туралы толық ақпарат айту;
-Ағылшын тілінде орфографиялық диктант жазу.
Е.М.Бачу, Г.С.Ержанова 8-10 сыныптар аралығында Қазақстан туралы шығарма сайысын өткізді.
Ағылшын тілінің мұғалімі Г.С.Ержанова 7 сыныпта «What do you know about England?» интеллектуалды марафон өткізді. Мақсаты: оқушылардың коммуникативті
Мақсаты: оқушылардың коммуникативті дағдыларын
дамыту;тілге қызығушылықтарын арттыру; танымдық қабілеттерін дамыту.
Сайыс 6 тапсырмалардан құралған:
-Жұмбақтар шешу
-Апта, ай, жыл мезгілдері,заттардың атауы бойынша сұрақтарға жауап беру;
-Тақтамен жұмыс.Сөздердің антонимдік қатарын жазу;
-Топ басшыларының сұрақтарға жауап беруі. Мысалы, What do you know about London? (Что вы знаете о Лондоне?
-Топ басшыларының сайысы
-Сөздерді табу
21 қыркүйекте тілдер онкүндігі «Халықтар фестивалімен» жабылады. Тілдер онкүндігінің қорытындысы айтылады. Белсене қатықан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталады.
Мектеп директоры: Жусупова Б.К.